НАТО-дан тыс: Еуропа елдері жеке армия құруды талқылап жатыр

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЭмблема НАТО
Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2022
Жазылу
Еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррельдің жаһандық жағдайға қатысты милитаристік мәлімдемелері әлем назарын аударып жүр. Сондықтан, кеше Еуропа қорғаныс агенттігінің отырысындағы Боррельдің баяндамасы тағы да қызу талқыланып жатыр, деп жазды РИА Новости.
Дәстүр бойынша Боррельдің Украина туралы пікірі БАҚ қызығушылығын тудырды. Алайда, оның мәлімдемесі Брюссельдің осы мәселедегі ұстанымын шегелей түсті: иә, егер Киевке әскери көмек беруді тоқтатса, қақтығыс тез аяқталады, бірақ ол Ресейдің жеңісімен аяқталады, сондықтан "Украинаны қолдауды жалғасыта беру керек".
Дипломаттың Еуропадағы әскери істердің жай-күйі туралы мәлімдемесі де әлдеқайда қызықты әрі маңызды болды. Боррельдің айтуынша, "қазір еуропалық армия жоқ, қазір түрлі 27 армия бар". Қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін Еуропа әскери шығындарды қысқартты. Енді ол осы қателікті түзетіп, әскери инвестициялар тапшылығының орнын толтыруы керек. Шенеунік 2025 жылға қарай Еуроодақтың қорғаныс шығындары 70 миллиард долларға дейін артуы керек екенін айтты.
Сонымен қатар, Боррель Еуроодақ аясында әскери кооперацияның жоғары деңгейіне жету үшін Еуропаның ұлттық үкіметтерін өздерінің әскери бюджетін бақылаудың бір бөлігін Брюссельге беруге шақырды.
Бұл ой неміс армиясын нығайтуға белсенді түрде инвестиция салса, Германия "еуропалық қауіпсіздіктің кепілі" болуға дайын екені туралы айтатын Олаф Шольцтың соңғы мәлімдемелерімен үйлесіп тұр. Негізінде әлем Еуропаның әскери стратегияға қатысты ұстанымының тектоникалық өзгеруінің куәсі болып отыр. Дегенмен, өзгерістердің ауқымын түсіну үшін мәселенің тарихын еске түсірген жөн.
Боррель қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін Еуропа елдері қорғаныс инвестицияларын айтарлықтай қысқартқанын дұрыс атап көрсетті. Анығында, олар өздерінің қауіпсіздігі мәселесін толығымен НАТО-ға, дәлірек айтсақ, АҚШ-қа сеніп тапсырды.
"Оның үстіне еуропалықтар америкалықтарға масыл болды десе де жарасады: Вашингтон оларды әскери қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, барлық шығынды өзі көтерді – қаржыландырудағы еуропалық үлес өте мардымсыз. Сондықтан, Ескі Әлемнің соңғы онжылдықтардағы әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты артуы олардың қорғаныс саласына көп ақша жұмсау қажеттілігінің болмауына негізделген", - деп жазылған материалда.
Бұл Атлант мұхитының екі жағындағы одақтастар арасындағы кедергілердің бірі болды. Америкалықтар еуропалықтарды, ең алдымен, Батыс Еуропаны НАТО ережелері бойынша жалпы ішкі өнімнің екі пайызына дейін әскери шығындарды ұлғайтуға көндіруге тырысты. Бірақ еуропалықтар өз міндеттемелерін орындауды ұзақ жылдар бойы кейінге қалдырумен келді.
Осы мәселеде мәмілеге келе алмаудың себебі де айқын: Еуропада ұлттық ұстанымға бейімделген элита басымдыққа ие болды және олар көбінесе өз елі мен азаматтарының мүдделерін қорғады. Сондықтан олар Американың әскери-өнеркәсіптік кешеніне кіріс болатын қомақты ақшаны бөлуге себепті негізсіз деп санады.
Дегенмен, соңғы онжылдықта трансатлантикалық серіктестер арасындағы қарама-қайшылықтардың өсуі, сондай-ақ АҚШ-тың жаһандық гегемон ретінде дағдарысы айқын көрінді. Сол кезде Еуропада ұлттық ұстанымға бейімделген элиталар арасында өз армиясын құру идеясы тарала бастады. Бұл армия қорғаныс функциясын толығымен атқара алатын толыққанды қарулы күш болады деп көзделді.
Жалпы бұл жобаны Еуропаның ең ықпалды көшбасшылары қолдады, оның ішінде сол кезде канцлер болған Ангела Меркель де бар. Бұл жағдайда Еуропаға америкалық әскерилер қажет болмайтыны, яғни егемендікті нығайту және АҚШ-қа тәуелділікті әлсірету мүмкін болар еді.
Онда сол кездегі Меркель мен қазіргі Боррель идеяларында қандай айырмашылық бар? Айырмашылық Боррель ұлттық ұстанымдарға бейімделгендердің емес, атлантшлық, жаһаншыл және проамерикалық күштердің өкілі.
"Еуропалық армия құру және қорғаныс шығындарының ұлғаюы онсыз да проблемалық Еуропа экономикасынан Американың әскери-өнеркәсіптік кешеніне ресурстарды аударуды, НАТО құрылымдары арқылы еуропалық Қарулы күштердің Вашингтонға бағыныштылығын сақтауды және еуропалықтарды Ресейге (мүмкін Қытайға) қарсы пайдалануды білдіреді", - деп жазды РИА Новости тілшісі.
Жаңалықтар
0