Алматының өз медиа орталығы болады

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Алматы. Виды города
Алматы. Виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Алматыда Qazaqstan телеарнасының орнында жаңа медиа орталық салынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қаңтар оқиғасы кезінде осы ғимаратты өрттеп жіберген. Комиссия нысан қалпына келтіруге келмейді деген шешім шығарған болатын. Соның орнына жаңа орталық салынады.
"Qazaqstan телеарнасының бұзылған ғимаратының орнында заманауи медиа орталықтың құрылысы басталды. Ол келесі жылдың соңында аяқталады", - делінген ресми хабарламада.
Ал қала әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары келесі жылдың екінші тоқсанында аяқталады. Алматы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін адам көп жиналатын орындарға жыл соңына дейін 3 050 бейнекамера орнатылады.
Биыл қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша 16,8 млрд теңге бөлінді.
Жаңалықтар
0