Өңірлер

Семейдегі ЖЭО-да өрт шықты: құтқарушылар мен әскерилер көмірді қолмен тасып жатыр

© Photo : МЧС КазахстанаСпасатели и военнослужащие в ручном режиме подают уголь на ТЭЦ-1 г. Семей
Спасатели и военнослужащие в ручном режиме подают уголь на ТЭЦ-1 г. Семей - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2022
Жазылу
Қорғаныс және төтенше жағдай министрліктерінің қызметкерлері ЖЭО қазандығына көмірді қолмен салып жатыр
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Семей қаласында 1-жылу электр орталығынан өрт шықты. Тұрғындарға жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін құтқарушылар мен әскери қызметшілер көмірді қолмен тасып салып жатыр.
ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгін түнгі сағат 00.34-те Абай облысы Семей қаласында 1-ЖЭО-да ұзындығы 6 метр алаңда транспортер лентасы мен электр кабельдері жанған. Өрт бір сағаттан кейін толығымен сөндірілді.
© Photo : МЧС КазахстанаҚұтқарушылар мен әскери қызметшілер қазандыққа көмірді қолмен тасып салып жатыр
Спасатели и военнослужащие в ручном режиме подают уголь на ТЭЦ-1 г. Семей - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2022
Құтқарушылар мен әскери қызметшілер қазандыққа көмірді қолмен тасып салып жатыр
"Өрт салдарынан қатты отын – көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды. Сағат 10-нан бастап Төтенше жағдайлар және қорғаныс министрліктері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері үздіксіз режимде қазандық агрегаттарына қатты отынды қолмен салу жұмыстарын бастады", - деп хабарлады министрлік.
Жаңалықтар
0