Саясат

Өзбекстанда Қазақстан инвестициясымен минералды тыңайтқыштар кәсіпорны ашылады

© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанӨзбекстанда Қазақстан инвестициясымен минералды тыңайтқыштар кәсіпорны ашылады
Өзбекстанда Қазақстан инвестициясымен минералды тыңайтқыштар кәсіпорны ашылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан инвестициясымен Өзбекстанның Науаи облысында минералды тыңайтқыштар кәсіпорны ашылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында екі елдің бірлескен бірқатар жобасы іске қосылды. Соның бірі – Өзбекстанның Науаи облысында фосфор және кешенді минералды тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорын.

"Қазфосфат" ЖШС және "Узкимёсаноат" АҚ қатысуымен жүзеге асырылатын өндірістің жобалық құны – 1,3 миллиард доллар.

Жобаның 2022-2024 жылдарға жоспарланған бірінші кезеңінде "Навоийазот" базасында калий селитрасы (100 мың тонна) мен калий сульфаты (100 мың тонна) өндірісін жолға қою жоспарланып отыр, деп хабарлады Ақорда.

Жоба аясында 150 жұмыс орны ашылады. Ал өндірістің екінші және үшінші кезеңдері Алмалық және Ферғана қалаларында жалғасады.
Қазақстан мен Өзбекстан тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2022
Саясат
Тоқаев пен Мирзиёев тарихи құжатқа қол қояды
Жаңалықтар
0