Қоғам

Тоқаев Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл түні жұмыс істеген азаматтарға алғысын білдірді.
"Жаңа жыл түнінде азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ маңызды нысандардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге, полицейлерге, әскери қызметшілерге, коммуналдық және басқа да салалардағы азаматтарға алғыс айтамын", - деп жазды президент әлеуметтік желідегі парақшасында.
Тоқаев оларға зор денсаулық, бақ-береке тіледі.
Президент қазақстандықтарды құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2022
Президент қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады
Жаңалықтар
0