Әлем

Пелені жерлеу рәсіміне 230 мыңнан астам адам келді

© AP Photo / Matias DelacroixПрощание с Пеле
Прощание с Пеле - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2023
Жазылу
Әлемдік футбол королімен қоштасу Сантос қаласындағы стадионда болды
АЛМАТЫ, 4 қаңтар - Sputnik. Сан-Паулуның әкімшілік аймағындағы Сантос қалалық стадионында үш дүркін әлем чемпионы Пелемен қоштасуға 230 мыңнан астам адам келді, деп хабарлады BBC.
Пеле футболдағы алғашқы қадамын осы стадионнан бастаған. Пеленің өзі дәл осы қалада, Сантос стадионы көрінетін шағын жеке зиратта жерленгісі келген. Футбол королінің соңғы тілегі орындалып, айтқан зиратына жерленді.
Пелемен қоштасу екі күн бойы "Сантос" стадионында өтті, осы уақыт ішінде стадионға 230 мыңнан астам адам келді. Пелемен хоштасуға жаңадан сайланған ел президенті Лула да Силва келді. Мемлекет басшысы келгеннен кейін стадионда еске алу кеші өтті. Соңғы сапарға шығарып салушылар Пеленің табытын Сантос қаласының көшелерімен алып жүрді.
Марқұм сұрағандай, өте қарапайым шеру қаланың көшелерімен жүріп, Пеленің үйінің жанынан өтті. Қазір онда аңыз адамның 100 жастағы анасы Селесте Арентес тұрады. Пеле 2022 жылы 29 желтоқсанда ұзақ аурудан кейін 82 жасында қайтыс болды. Ол қатерлі ісік дертіне шалдыққан болатын.
Пеленің отбасы Сантостан ұлы футболшы осы клубта ойнаған 10-шы нөмірді біржола бекітуді және оны басқа ойыншыларға бермеуді сұрады. Клуб бұл өтінішті қарастырады. Жуырда ФИФА барлық елдерге стадионның атын Пеленің құрметіне атауды ұсынды.
Жаңалықтар
0