Әлем

Тоқаев Непал президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

© AP Photo / Yunish GurungҰшақ апаты
Ұшақ апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Непал президенті Бидхья Деви Бхандариге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Президент Покхара қаласының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдады, деп жазады Ақорда.
Ол жеделхатта Бидхья Деви Бхандариге және қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Еске сала кетсек, кеше Непалда ұшақ апаты болды. Құлаған ұшақтың барлық 68 жолаушысы мен төрт экипаж мүшесі қаза тапты.
Жаңалықтар
0