Шығыс Қазақстанда бейімдеу орталығынан екі жасөспірім қашып кетті

© Photo : polisia.kz Polisia жазуы
 Polisia жазуы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан екі жасөспірім қашып кетті, деп хабарлады Polisia.kz.
22 қаңтарда сағат 20.20-да "102" арнасына орталықтың тәрбиешісі хабарласып, екі жасөспірімнің жоғалып кеткенін хабарлаған. Қызметкердің айтуынша, 17 жастағы жасөспірімдер орталықтан ешкімге айтпастан, өз еркімен кетіп қалған.
Олардың орналасқан жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел іздестіру тобы құрылды.
Тәртіп сақшылары жолаушылармен, таныстармен сөйлесіп, айналадағы аумақтарды мұқият тексерген.
Жедел шаралардың нәтижесінде жасөспірімдер Согра шағын ауданынан табылған. Олар танысының үйінде болған. Іздеу жұмыстары бір тәулікке созылды.
Жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ, қазіргі уақытта олар орталыққа жеткізілді.
Жаңалықтар
0