Қоғам

Болат Назарбаевқа тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды

Болат Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2023
Жазылу
Тағы бірнеше өңірде Болат Назарбаевқа тиесілі 59 жер телімі анықталды. Оларды мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы "Amanat" партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Сайыров хабарлады.
Ол Қазақстанның әрбір азаматының еншісі саналатын ұлттық байлықты мемлекетке қайтару партияның басты миссиясы екенін атап өтті.
"Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысында 239 мың гектар, Жамбыл облысында 60 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды", - деп жазды Сайыров әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, бас прокуратура Болат Назарбаеавқа тиесілі Астана, Алматы, Талғар қалалары, Қаскелең елді мекені, Түркістан облысының ең тиімді жерлерінде орналасқан 244 гектар болатын 59 жер телімін анықтаған. Бұл жерлер бизнес-орталықтары, коттедж қалашықтарын салуға арналған.
"Бас прокуратура, жер ресурстары комитеті анықтағандай, жер телімдерінің басым көпшілігі заңсыз рәсімделген. Қазір бас прокуратура осы жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Біз бұл мәселені қоғамдық бақылауда ұстаймыз", - деп уәде берді Сайыров.
Бұдан бөлек, қоғамдық кеңеске азаматтардан Құлыбаев, Клебанов, АрселорМиттал, Халық банкі, Жусан банкіге қатысты материалдар түсіп жатыр.
Фактілердің барлығы тиісті органдарға тексеруге жіберіледі, деді кеңес төрағасы.
69 жастағы Болат Назарбаев – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі. Бұған дейін БАҚ-та Болат Назарбаевтың ауруханада жатқан фотосы және арбада отырған видеосы тараған еді.
Болат Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2022
Болат Назарбаев емделіп жатыр - қор
Жаңалықтар
0