ЕАЭО аясында көлік құжаттарын электронды форматқа көшіруді ұсынамыз – Смайылов

Әлихан Смайылов - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов ЕАЭО аясында логистикалық компанияларға қажетті барлық құжатты электронды форматқа көшіруді ұсынды.
Бұл туралы ол Digital Almaty форумының пленарлық отырысында айтты.
"Трансшекаралық электрондық құжат айналымын дамыту және тарату үшін барлық жағдайды жасау қажет. Атап айтқанда, логистикалық компанияларға қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстанда электронды көлік құжаттарына көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ЕАЭО аясында барлық рұқсат бланкін электронды форматқа көшіруді ұсынамыз. Қағаз айналымын алып тастау сыбайлас жемқорлық қаупін азайтады, сауда айналымының ашықтығын арттырады, ең бастысы – бизнеске өз шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді", - деді Смайылов.
Қазақстан премьер-министрі ЕАЭО елдерінің өзара сауда саласындағы электронды өзара іс-қимылы да өзекті мәселе болып отырғанын айтты.
"Осы және басқа да мәселелер цифрландыру саласындағы бірлескен жұмысымыздың маңызды бағыттары болып саналады. Цифрлық мәселе бойынша күн тәртібіндегі негізгі басымдықтарды жүзеге асыру ашық және тең құқылы ынтымақтастыққа, экономикалық, технологиялық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне өтуге ықпал етеді", - деді Смайылов.
Смайылов ЕАЭО-да радиожиілік спектрін үйлестіруді ұсынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2023
Смайылов ЕАЭО-да радиожиілік спектрін үйлестіруді ұсынды
Жаңалықтар
0