Әшімбаев Орталық Азия парламентшілерінің бірінші форумында Тоқаевтың үндеуін оқып берді

© Sputnik/Ертай СарбасовОрталық Азия елдерінің I парламентаралық форумы
Орталық Азия елдерінің I парламентаралық форумы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Орталық Азия елдерінің I парламентаралық форумына қатысушыларға президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін оқып берді.
"Бізді тағдырдың өзі тығыз байланыстырды. Халқымызды ортақ тарих, рухани жақындық және көпғасырлық мәдени-гуманитарлық байланыстар біріктіреді", - делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында.
Қазақстан президенті Орталық Азиядағы саяси диалогтың жоғары деңгейін және өзара сауданың айтарлықтай өскенін атап өтті. Ол шекара маңындағы сауданы дамытуға, трансшекаралық ресурстарды ұтымды пайдалануға шақырып, парламентшілерге жемісті жұмыс тіледі.
Үкіметаралық форумды өткізу туралы бастама дер кезінде көтеріліп отыр және ол біздің халықтарымыздың түбегейлі мүдделеріне сәйкес келеді, деді Тоқаев.
"Қиын геосаяси жағдай мен әлемдік экономиканың турбуленттілігі аясында парламенттік дипломатияның маңыздылығы айтарлықтай артты. Парламентарийлердің қызметі екіжақты келісімдерді заңнамалық тұрғыдан бекітуде орасан зор рөл атқарады", - деді Қазақстан басшысы.
Оның айтуынша, бүгінде Орталық Азия елдері үшін экономикалық ынтымақтастықты дәйекті тереңдету үлкен маңызға ие.
Мынадай міндеттер бірінші кезекте назар аударуды талап етеді: өңірлік және шекаралық сауданы ұлғайту, транзиттік-көлік саласындағы серіктестікті дамыту, жаңа бірлескен жобаларды іске қосу.
Экология, трансшекаралық ресурстарды ұтымды пайдалану, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларды ілгерілету мәселелері өзекті болып қала береді.
В Туркестане начался I межпарламентский форум - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Түркістанда Орталық Азия елдерінің I парламентаралық форумы басталды
Жаңалықтар
0