Қазақстаннан Оманға тікелей әуе рейсі ашылады

© pixabay/gustavmelin0Ұшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті Оман авиациялық билігімен бірлесіп Қазақстан мен Оман арасында тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады.
"Осылайша, "Salam Air" 2023 жылғы 1 шілдеден бастап А–320neo және А-321neo типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен Маскат-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді бастауды жоспарлап отыр", - делінген ИИДМ хабарламасында.
Қазақстан мен Оман арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
"Salam Air" – Оманның Маскат қаласында орналасқан омандық төмен бюджеттік авиатасымалдаушы. Ұшуды 2016 жылы бастады.
Әуе компаниясы әлемнің 20-ға жуық еліне (Чехия, Босния және Герцеговина, Судан, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Бангладеш, Непал, Шри-Ланка, Үндістан және т.б.) 30 бағыт бойынша халықаралық рейстерді орындайды.
Жаңалықтар
0