Ақмола облысында жеткізуші сүт өнімдерінің бағасын 45%-ке қымбат сатқан

CC0 / Pezibear / Сүт
Сүт - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Ақмола облысында жеткізуші сүт өнімдерінің бағасын 45% проценттен астамға шарықтатты.
"Жеткізуші – жеке кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу кезінде тауар үстемесін асырып жіберген. Майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы айранды 1 литріне 310 теңге, ал жеткізуші 450 теңге деп көрсеткен. Сауда үстемесі - 45,2%", - делінген қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкер майлылығы 5 пайыздық сүзбені сауда желілеріне 1 560 теңгеден өткізген. Ал өзі өндірушіден 1 келісін 1 300 теңгеден сатып алған. Сауда үстемесі - 20% құрады.
Ақмола облысы бойынша делдалдық схемаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның қарауына үстемеақыдан асып кету фактісі бойынша материалдар жіберілді. Жеткізуші сонымен қатар өнімге сауда үстемесін 15%-ке дейін төмендететінін хабарлады.
Сүт - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2018
Қоғам
Сүттің ешкім күтпеген пайдасы анықталды
Жаңалықтар
0