Астанада "Super әже" сұлулық байқауының жеңімпазы 100 мың теңге алды

© Photo : Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіАстанада "Super әже" байқауы өтті
Астанада Super әже байқауы өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Астанада "Super әже" байқауы өтті, деп хабарлайды Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Байқауға 63 жастан 76 жасқа дейінгі 10 зейнеткер қатысты. Олардың ішінде жоғары санатты мұғалімдер мен дәрігерлер, халық хорларының әншілері және республикалық еріктілер қозғалысының қатысушылары бар.
Әжелер визит карточкалары, таланттар мен аспаздық шеберлік байқауына, сондай-ақ дефиле шоуына қатысты. Таланттар байқауында қатысушылар халық биін билеп, вокалдық шеберлігін көрсетіп, өздерінің авторлық өлеңін айтты.
3 кезеңнің қорытындысы бойынша Күлпаш Қалқабекова жеңімпаз болып таңдалды. Ол тәждің және 100 000 теңгелік жүлде сертификатының иегері атанды. Жеңімпаз әже 76 жаста, 6 немересі бар. 50 жылдық тәжірибесі бар мұғалім, ансамбль әншісі.
"Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға осындай байқау үшін көп рахмет. Мен оларға жеңімпазды таңдау қиын болғанын білемін. Біз бәріміз белсенді, көңілді әйелдерміз. Мысалы, мен қазір ансамбльде ән айтамын, би үйірмесіне барамын. Менің отбасыма қолдау, сенім және байқауға қатысуға көмектескені үшін рақмет. Мен барлық ата-әжені үйде отырмауға және өмірді сүруге шақырамын",- деді Күлпаш Қалқабекова.
"Мұндай байқаулар тек әжелерге ғана емес, жастарға да қажет. Оларға қарап, әжелер де қоғам өміріне белсенді түрде араласа алатынын және қатысқысы келетінін біледі. Олар өмірге және осы өмірге деген сүйіспеншілікке толы. Бүгінгі қатысушылар зейнеткерлікке шыққан басқа адамдар үшін үлгі болды. Осы кісілерден үлгі алу керек", - деп атап өтті іс-шараны ұйымдастырушы Валентина Толмачева.
Сондай-ақ барлық қатысушыға номинация берілді. Оның ішінде: "Ең мейірімді әже", "Ең көңілді әже", "Ең шебер әже", "Ең тапқыр әже", "Ең ақылды әже", "Ең заманауи әже", "Ең білімпаз әже", "Ең бұлбұл әже", "Ең өнерлі әже".
Айта кетері, "Super әже-2023" байқауы Астанада алғаш рет ұйымдастырылды.
Жаңалықтар
0