Қоғам

Қазақстан Бразилиядан сиыр етін әкелуге уақытша тыйым салды

© Photo : pixabay / congerdesignАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстан Бразилиядан тірі ірі қара мал транзитіне және сиыр етін әкелуге уақытша тыйым салды.
Тиісті шешімді ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті шығарды. Оған ірі қара малдың ауруы себеп болған.
"Халықаралық жануарлар денсаулығы ұйымының ақпараты негізінде 2023 жылғы 9 наурыздан бастап ірі қара малдың губка тәріздес энцефалопатиясына (BSE) байланысты Қазақстан аумағына Бразилиядан мына тауарларды әкелуге уақытша шектеу енгізіледі", - делінген құжатта.
Олар:
тірі ірі қара мал;
ірі қара малдың қаны және қан өнімдері;
сүйектегі сиыр еті;
сиырдың ішкі өнімдері;
қорғалған қабықтарды қоспағанда, ірі қара малдан алынған ішек шикізаты;
механикалық өндеуден өткен сүйектен алынған сиыр еті;
30 айдан асқан ірі қара малдан алынған сүйексіз сиыр еті;
сүт ақуыздарын қоспағанда, құрамында өңделген ірі қара ақуыздары бар өнімді мал азығына және өнімді мал азығына арналған өңделген ірі қара ақуыздары.
Сондай-ақ Бразилиядан Қазақстан аумағы бойынша тірі ірі қара мал транзитіне де тыйым салынды.
Жаңалықтар
0