Сайттар дұрыс жұмыс істемей қалды – министрлік себебін түсіндірді

© Photo : pixabay / fancycrave1Компьютер
Компьютер - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстандағы сайттардың мобильді нұсқаларының істен шығуына DNS жазбалардың жаңартылуы себеп болды, деп хабарлады цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
Жекелеген байланыс операторларының желілік ақаулары 13 наурыз күні сағат 18:00-ден кейін тіркелді. Нәтижесінде бірқатар қазақстандық доменге кіруге мүмкін болмай қалды.
"Kaznic (Қазақстанның желілік ақпарат орталығы) қазақстандық домендердің DNS жазбаларын жоспарлы жаңартуды жүзеге асырды. Содан кейін кейбір байланыс операторларында DNS серверлерін кэштеу кезінде қате шығып, бос жазбалар қалыптасты. Қазіргі уақытта байланыс операторлары кэштеу DNS серверлерін қайта жаңартып, жоғарыда аталған мәселелер шешіліп жатыр", - деді министрліктегілер.
Бұған дейін қазақстандықтар елдегі танымал сайттарға смартфон арқылы кіре алмай жатқанын әлеуметтік желіде айтып шағымданды.
Жаңалықтар
0