Республикалық олимпиада жеңімпазы атанған 29 оқушыға білім гранты табысталды

© Photo : Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіРеспубликалық олимпиада жеңімпаздарына 29 білім гранты табысталды
Республикалық олимпиада жеңімпаздарына 29 білім гранты табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Республикалық олимпиада жеңімпаздарына 29 білім гранты табысталды, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 422 оқушы жүлделі орынға ие болды. Оның 86-сы алтын, 127-сі күміс, 209-і қола медаль.
"Үздік олимпиадалық команда" номинациясының бас жүлдесіне НЗМ оқушылары ие болды. Бірінші орынды Алматы қаласының бірқатар мектебі мен Республикалық физика-математика мектеп командасы иеленді", - деп жазылған хабарламада.
Астана қаласы, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары екінші орынды жеңіп алса, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарының оқушылары үшінші орынға ие болды.
Сонымен қатар Абай облысының 10-сынып оқушысы Әмір Шәукенов "Ауылдық жердің үздік оқушысы" номинациясымен марапатталды.

Бұл олимпиаданың ерекшелігі биылғы жеңімпаз түлектерге білім гранты табысталды. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына 29 грант берілді. Олар – Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Toraighyrov University, Satbayev University, IT Халықаралық университеті, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, Auezov University, Shakarim University, KBTU.
Жаңалықтар
0