Президент Макронның арнайы өкілін қабылдады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял специального представителя Президента Франции Изабель Дюмон
Касым-Жомарт Токаев принял специального представителя Президента Франции Изабель Дюмон - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Франция президентінің арнаулы өкілі Изабель Дюмонды қабылдады, хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнаулы өкіл Изабель Дюмон Франция президенті Эмманюэль Макронның хатын табыс етті. Қасым-Жомарт Тоқаев Изабель Дюмонға ілтипат білдіре отырып, жолдаған игі сәлемі үшін президент Эмманюэль Макронға алғыс айтты.
"Франция – Қазақстанның жетекші саяси және экономикалық серіктестерінің бірі. Біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты, сіздің еліңіздің халықаралық аренадағы рөлін және Францияның экономикалық әлеуетін жоғары бағалаймыз. Сіздің еліңіз 2008 жылғы маусымда Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің арасында бірінші болып Қазақстанмен стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойды. Биыл біз осы маңызды құжаттың он бес жылдығын атап өтеміз. Елдеріміз арасында барлық деңгейде белсенді және сенімді саяси диалог орнағанын тағы да атап өткім келеді, – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанына жоғары баға берді. Оның айтуынша, Қазақстан – Францияның Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі. Мемлекет басшысы Президент Эмманюэль Макронға жүрекжарды сәлемін жолдады және оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
"Қазақстанда француз капиталының үлесі бар 170 кәсіпорын жұмыс істейді және жетекші француз компаниялары қызмет етеді. Біздің экономикамыздағы француз компанияларының қызметіне жан жақты қолдау көрсетіледі", – деді президент.
Өз кезегінде Изабель Дюмон Францияның Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін жеткізді.
Жаңалықтар
0