Астанада КамАЗ алты көлікті соқты – жүргізуші қашып кетті

© Sputnik / Абзал КалиевМигалки на полицейской машине
Мигалки на полицейской машине  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Астанада "КамАЗ" жүргізушісі тұрақта тұрған алты бірдей көлікті жайпап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған видеода бірнеше көлік бір-біріне "жабысып" қалған. Әсіресе, алдында тұрған үшін көлікке соққы қатты тиді, жүксалғыштары мыжырайып кетті.
Жол апаты Циолковский көшесінде болған. "КамАЗ" маркалы көліктің жүргізушісі Абай көшесіне қарай келе жатқанда тұрақта тұрған алты бірдей көлікті соққан. Сосын өз көлігін тастап, қашып кетті.
Астана қалалық полиция депаратментінің мәліметіне сәйкес, ер адам әлі табылған жоқ. Жол апатында ешкім зардап шекпеді.
Жаңалықтар
0