Сүт өнімдері қымбаттап барады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстанда сүт өнімдерінің бағасы аспандап барады. Бір жылдың ішінде шамамен 30 пайызға қымбаттаған, деп хабарлады КТК.
Орташа статистиканың шеңберіне сыймайтын өңір де бар. Мәселен, Маңғыстау облысында соңғы 12 айда сүт құны 42 пайызға дейін көтерілген.
Қызылорда облысы мен Астана қымбатшылық үштігін түйіндейді. Былтырғымен салыстырғанда 32-33 пайыз аралығында айтарлықтай айырмашылық байқалады.
Оңтүстік мегаполис Алматы сүт өнімдері қатты қымбаттамаған Ұлытау және Ақмола облыстарымен бір қатарда тұр – 22-25 пайыздың шамасында.
Соңғы көрсеткіш бұрынғы жылдардан асып түсті. 2022 жылы небәрі 11,8, ал 2021 жылы 8,2 пайызға ғана құны құбылған.
Зерттеу бойынша әр Қазақстан азаматы жылына орташа 226 литр сүт өнімін тұтынады екен.
Жаңалықтар
0