Ресейлік туроператор Ақтауға чартерлік әуе рейстерін іске қосады

© Photo : Сайт международного аэропорта Актау Международный аэропорт Актау
Международный аэропорт Актау  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Ресейлік туроператор Fun&Sun сәуір айының соңынан бастап Ақтауға ұшатын чартерлік бағдарламаны іске қосады, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей туристік индустрия одағының вице-президенті Юрий Барзыкиннің айтуынша, Ресейден Қазақстанға туристік чартерлік бағдарламалар биылғы жазда басталуы мүмкін.
"Мәскеуден чартерлік рейс бағдарламамыз 14 мамырда Жуковский әуежайынан басталады. 6 маусымда оған Внуководан рейстер қосылады. Ұшу бағдарламалары аймақтардан да орындалады: Қазаннан - 13 мамырдан, Екатеринбургтен - 30 сәуірден басталады", - деді Fun&Sun туроператорларының өкілдері.
Туроператор биылғы жазда Ақтауға туристік жолдамаларды сату белсенді жүріп жатқанын атап өтті. Халық курорттық аймақтағы қонақ үйлерге тамыз айының соңына дейін тапсырыс берген.
Жаңалықтар
0