Саясат

Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері Қытайда бас қосады

© Photo : Pixabay / SW1994Қытай туы
Қытай туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстандық делегация Сиань қаласында өтетін "Орталық Азия – Қытай" форматындағы сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"26-27 сәуірде Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация Сиань қаласында өтетін "Орталық Азия –Қытай" диалогтық форматтағы Сыртқы істер министрлерінің 4-ші отырысына қатысады", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.

Орталық Азия елдері мен Қытай сыртқы саяси ведомстволары басшыларының алдағы отырысының негізгі мәселелерінің бірі - биыл мамырда Сиань қаласында жоспарланған "Орталық Азия – Қытай" алғашқы саммитіне дайындық.
Бұдан басқа, кездесуге қатысушылар алтыжақты ынтымақтастықтың әртүрлі салаларындағы перспективаларын, атап айтқанда көлік-логистика инфрақұрылым саласындағы өзара байланысты нығайтуды, Орталық Азия елдерінен Қытайға ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғайтуды, электрондық коммерцияны дамытуды, сондай-ақ осы форматқа қатысушы елдердің құзыретті органдары арасында өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін талқылайды.
Басқосу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылады. Тараптар жан-жақты пікір және ұлттық ұстанымдар бойынша ой алмасады деп көзделіп отыр.
Қазақстан азаматының паспорты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Суданнан үш қазақстандық эвакуацияланды – СІМ
Жаңалықтар
0