Қазақстаннан Иранға 60 млн долларға ет, тыңайтқыш экспортталады

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаТретья торгово-экономическая миссия Казахстана в Иране
Третья торгово-экономическая миссия Казахстана в Иране - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 сәуір - Sputnik. Қазақстан мен Иран арасында келісімшартқа қол қойылды. Бұл құжат аясында $60 млн-нан астам сомаға Иранға тыңайтқыштар, май өнімдерін, ірі қара және ұсақ мал еті экспортталады, деп хабарлайды үкімет.
2022 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы $528 млн-ға жеткен. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,8%-ға жоғары.
Қазақстандық компаниялар орта мерзімді перспективада Иранға экспорттарды одан әрі арттыруға дайын. Ирандық компаниялар қазақстандық фосфатты тыңайтқыштар, ферроқорытпалар және азық-түлік өнімдерін өндірушілерге аса қызығушылық танытты. Өзара тиімді қарым-қатынастарды ары қарай дамыту туралы келісімдерге қол жеткізілді.
Жаңалықтар
0