Қоғам

Антикор "Атамекен" палатасының экс-басшысы не үшін ұсталғанын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Атамекен" ҰКП бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қандай күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Антикор "Атамекеннің" экс-басшысын 10 мамыр күні ұстаған.

"Ол кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі және алаяқтық жасады деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Қазір Мырзахметов Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында отыр.
Қылмыстық іс бойынша жедел тергеу шаралары жүргізілуде. Мырзахметовтің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Өзге ақпарат ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Сондай-ақ Антикор Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыс жасағаны соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденбегенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептелетінін еске салды.
Агенттік жемқорлықтың кез келген фактілері туралы Антикорға және 1424 нөмірі арқылы Call-орталыққа хабарласуды сұрайды.
Абылай Мырзахметов - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2023
Қоғам
Абылай Мырзахметов пара үшін ұсталды – Антикор
Жаңалықтар
0