Өңірлер

Қызылордада массаж орталығында сәби парафинге қатты күйіп қалды

CC0 / / Силуэт ребенка, архивное фото
Силуэт ребенка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Жазылу
ҚЫЗЫЛОРДА, 18 мамыр – Sputnik. Қызылордада массаж орталығында сәби сұйық парафинге қатты күйіп қалып, ол ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Баланың анасы болған жағдай туралы әлеуметтік желіде жазды.

"8 мамыр күні мен баламды "Шипалы алақан" деген жекеменшік массаж орталығына апардым. Онда Әлия есімді маман сәбиімді парафинмен күйдіріп алды, қазір ауруханада жатырмыз", - деп жазды әйел.

Анасының айтуынша, баланың күйген жерлері қабынып, дене қызуы көтерілген. Массаж орталығы оған өтемақы ретінде баланы бірнеше тегін массаж курстарына жазуды ұсынған.
"Олар осы оқиғадан кейін баламды қайтадан сол жерге апарамын деп ойлай ма екен?"- әйел таң қалады.
© Photo : Предоставлено управлением здравоохранения Кызылординской областиҚызылордадағы массаж орталығында парафинмен күйіп қалған сәби ауруханаға түсті
Дошкольник получил ожоги парафином в массажном центре в Кызылорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Қызылордадағы массаж орталығында парафинмен күйіп қалған сәби ауруханаға түсті
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға түсініктеме береді.
"Қазір бұл бала көпсалалы облыстық балалар ауруханасында емделіп жатыр. Оның жағдайын басқарма мамандары бақылауға алды" – деді басқарма.
Басқарма, сондай-ақ, массаж орталығына түскен шағымға да тоқталып өтті.
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына мемлекеттік емдеу-профилактикалық ұйымдары кіреді. Ал аталған массаж орталығы жекеменшік болғандықтан, бізге бағынышты ұйым емес", - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Жеке медициналық ұйымдардың қызметін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі медициналық-фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облыстық басқармасы бақылайтынын атап өтті.
"Жеке медициналық ұйымдарға қатысты шағымды сол жерде қалдыруға болады", - деп түйіндеді денсаулық сақтау басқармасы.
Операция жасауға қажетті медициналық құралдар  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2023
Дәрігерлер қатты күйік шалған он жасар балаға 19 рет операция жасады
Жаңалықтар
0