Кітаптарды оқу жылы аяқталмай жинап алған мектеп басшылары айыппұл арқалайды

© Sputnik / Абзал КалиевУчебники, иллюстративное фото
Учебники, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 мамыр – Sputnik. 25 мамырдан кейін сабаққа себепсіз келмеген оқушының ата-анасы ғана емес, мектеп директорлары да жауапқа тартылатын болады.
Бұл жөнінде оқу-ағарту министрлігі оқу жылының аяқталуына қатысты шұғыл жиында айтты.
"Кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі мен біліміне қатысты міндеттемелерді орындамау екі тараптың жауапкершілікке тартылуын көздейді", - деп мәлімдеді ведомстодағылар.
Жиын барысында оқулықтарды оқу жылы аяқталмай жинап алған мектеп басшылары 15-тен 30 АЕК көлемінде айыппұл арқалайтыны айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл оқу жылы 1 маусымда аяқталады.
Мектеп - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2023
Білім
Мектепте ақша жинауға қатаң тыйым салынады - министрлік
Жаңалықтар
0