Аюдан қашқан адамдардың видеосы көрші елде түсірілді

© Photo : СС0 / Robert BalogМедведь
Медведь - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде аюдан қашқан адамдардың видеосы кеңінен тарап кетті. Бұл оқиға қай жерде болғаны анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Вечерний Бишкек" порталына сілтеме жасап.
Видеода адамдардың дауысы дұрыс естілмейді. Бірақ екі ер адамның үстіндегі қызметтік форма полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің киіміне ұқсайды. Қазақстанда және Қырғызстанда ондай форма жоқ. Оқиғаның қай жерде болғаны анықталды.
Ол Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданыда түсірілген болып шықты. Видео қытайлық пабликтерде 27 мамырда тараған.
Аю бақташының үйіне кіріп, жылқыға тап берген. Сосын адамдарды қуған. Бақташы көмекке полицияны шақырды. Адамдар жануарды қуып жіберді. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Жаңалықтар
0