Қазақстанда Еуропа университеттерінің филиалдары ашылуы мүмкін – Тоқаев үндеу тастады

© PhotoГлава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на второй встрече лидеров "Центральная Азия – Европейский Союз"
Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на второй встрече лидеров Центральная Азия – Европейский Союз - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа униеверситеттерін Қазақстанда өз филиалдарын ашуға үндеді, деп хабарлады Ақорда.
Бүгін Тоқаев Бішкек қаласында өткен "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" басшыларының екінші кездесуіне қатысты. Сол жерде президент Еуропа униеверситеттеріне үндеу жолдады.
"Биыл наурыз айында Microsoft компаниясының Қазақстандағы мультиаймақтық хабының ашылуы жарияланды. Ол озық технологиялары тартатын орталыққа айналады. Біз 2025 жылға дейін кем дегенде 100 мың жоғары білікті IT-мамандарды дайындауды мақсат етіп отырмыз. Сол себепті Еуропа университеттерін Қазақстанда өз филиалдарын ашуға шақырамын. Сол үшін маңызды аймақтық IT-алаңға айналатын Astana Hub технопаркінің базасын да пайдалануға болады", - деді Тоқаев.
Осы орайда президент Қазақстанның көрші елдермен цифровизация саласындағы озық тәжірибесімен бөлісуге мүдделі екенін ерекше атап өтті.
Жаңалықтар
0