5,9 млрд теңгеге әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалар қажет болмай қалды – Годунова

CC0 / Free-Photos / Подпись, бумаги, ручка, иллюстративное фото
Подпись, бумаги, ручка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова жобалық-сметалық құжаттаманы дайындаған кезде бюджет ақшасы тиімсіз жұмсалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау мердігерлер мен өнім берушілер арқылы көбірек жүзеге асырылады.
"Осыдан төрт жыл бұрын біз жобалау-сметалық құжаттаманы асыра бағалау 30%-ке дейін көтерілгенін, осы соманы жылына триллион теңге деп бағаладық. Ал қазір құрылыс материалдарының қымбаттағанын, инфляция деңгейінің көтерілгенін пайдаланып, жобалардың қымбаттауы эпидемияға айналды және бірнеше триллионға жетті. Ал осы ақшаға шешімін таппай келе жатқан апатты және үш ауысымды мектептер салу мәселесін шешуге, немесе басым бөлігінің жағдайы мүшкіл жылу электр орталықтары мен жылу желілерін жөндеуге болатын еді", - дейді Годунова мәжіліс отырысында.
Ол үкімет ешқашан қаржыландырылмайтын жобалау-сметалық құжаттамаға мөр басуды жалғастырып келе жатқанын атап өтті.
"Мысалы, 2017-2018 жылдары құны 5,9 млрд теңгеге әзірленген 292 жобалау-сметалық құжаттама қажетсіз болып қалды. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік органдар ресурстары шектеулі бола тұра, артып келе жатқан қажеттіліктерді қанағаттандыру өнерін әлі игере қойған жоқ. Сондықтан таңдап алынған салалық саясатты іске асыруда басымдық пен жүйелілік маңызды", - деді Годунова.
Жаңалықтар
0