Өңірлер

Қазгидромет синоптиктері: аптап ыстық қайтады

© Sputnik / Владислав ВодневДевочка играет у фонтана в жаркую погоду
Девочка играет у фонтана в жаркую погоду - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 7 маусым – Sputnik. Елде алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
9 маусымда орталықта, солтүстікте жаңбыр жауып, шаңды дауыл тұрады.
Оңтүстік шығыста күн 41 градусқа дейін ыстық болады. Ал солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста сынап бағанасы +20 +28С-қа дейін төмендейді.

Ірі қалалардағы ауа райы

Астанада алдағы күндері көшпелі бұлт шығып, шаңды дауыл болады. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Ауа температурасы түнде 12-14 градус, күндіз 23-25 градус жылы болады.
Алматыда жаңбыр жаумайды. Ауа температурасы түнде 21-23 жылы, күндіз 35-37 градус ыстық болады.
Ал Шымкентте көшпелі бұлт шығады. Сынап бағанасы түнде 21-23, күндіз 38-40 градусқа дейін көтеріледі.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2022
Денсаулық
Жазда бастан күн өтпеу үшін не істеу керек – дәрігер кеңесі
Жаңалықтар
0