Еуропалық Одақпен өзара байланысымызды нығайтуға мол мүмкіндік бар - президент

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАкорда. Виды зимой
Акорда. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еурокомиссар Януш Войчеховскиймен кездесті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Януш Войчеховскийге Астана халықаралық форумына спикер ретінде қатысқаны үшін алғыс айтты.

"Біздің елімізбен айрықша байланысыңыз бар екенін біліп, таңғалдым. Қадірлі анаңыз Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанда өмір сүріпті. Сондықтан сіздің сапарыңызға өте қуаныштымыз. Елімізде поляк диаспорасы тұрады. Әрі біздің ортақ мәдени мұрамыз бар. Бенедикт Поляк, Адольф Янушкевич, Густав Зелинский, Александр Затаевич секілді тұлғалар Қазақстанның мәдени дамуына елеулі үлес қосты, – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ірі сауда серіктесі саналатын Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтың стратегиялық сипатына назар аударды.
"Жақында Қырғызстанда "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" жаңа форматында кездесу өткіздік. Бұған дейін Астанада бірінші кездесу болған. Сондықтан тығыз қарым-қатынас жасау жөніндегі ниетіміз бен ұмтылысымызды көрсету үшін жоғары деңгейдегі осындай кездесулерді өткізіп тұру керек. Биыл жыл басында Еуропалық Одақпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанымызға 30 жыл толды. Еуропалық Одақпен өзара байланысымызды нығайтуға мол мүмкіндік бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, сондай-ақ демократияны дамытуға, адам құқықтарын қорғауға және қоғамда заң үстемдігін орнатуға септігін тигізетін өзерістер туралы айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропалық Одақпен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеуеті бар екеніне тоқталды. Оның айтуынша, еліміз дәнді және майлы дақылдарды, сондай-ақ жоғары сапалы органикалық өнімдердің экспортын арттыруға дайын.
Жаңалықтар
0