Өңірлер

Тоқаев өртенген орман алқабын тікұшақпен аралап шықты

© пресс-служба президента КазахстанаТоқаев өртенген орман алқабын тікұшақпен аралап шықты
Тоқаев өртенген орман алқабын тікұшақпен аралап шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысына төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт сөндіру жұмысының барысы және табиғат апаты салдарымен күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған.
Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылды.
Еске салсақ, 8 маусымда "Семей орманы" резерватынан өрт шықты. Аптап ыстықтан тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтау мүмкін болмады. Салдарынан өрт жылдам таралып, 60 мың гектар аумақты шарпыды.
9 маусымда "Семей орманы" резерваты Новошульба филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзілгені хабарланды. Олар өз учаскесіндегі өртті сөндіруге шыққан. Көп ұзамай іздеу жұмыстары басталды. Алайда 10 маусым күні орманшылардың барлығы қаза тапқаны белгілі болды.
10 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен босатты. Оның орнына Сырым Шәріпхановты тағайындады.
Бүгін, 11 маусымда мемлекет басшысы Абай облысына ұшып барды.
Абай облысындағы орман өрті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2023
Абай облысындағы орман өрті
Абай облысында өрттен қаза болған 14 орманшының тізімі мен фотосы жарияланды
Жаңалықтар
0