Абай облысында өрт кезінде жоғалған тұрғынның тракторы табылды

© Photo : Абай облысының полиция департаментіАбай облысында жоғалып кеткен орманшының тракторы өрт аймағынан табылды
Абай облысында жоғалып кеткен орманшының тракторы өрт аймағынан табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Абай облысында өрт аумағынан жоғалып кеткен орманшы Сергей Архиповтың тракторы табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

"2 тәуліктен астам уақыт бойы полицейлер 1987 жылы туған, Бесқарағай ауданының Долон ауылының тұрғыны Сергей Николаевич Архиповты іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол соңғы рет 10 маусымда байланысқа шығып, өртті сөндіруге көмектесіп жатқанын айтқан", - деп хабарлады Абай облысының полиция департаменті.

Полиция хабарлағандай, 12 маусымда Дмитриевка ауылынан Бородулиха ауданының Ауыл станциясына қарай бес шақырым жерде, тас жолдан 1 км қашықтықта трактор ақаусыз күйде табылған.
"Архиповтың тұрған жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр", — деп атап өтті ведомстводағылар.
Өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Абай облысында өрт кезінде тағы бір адам жоғалды
Жаңалықтар
0