Өңірлер

Өскеменде есірткі қабылдап көлік тізгіндеген зейнеткер ұсталды

© Photo : ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіӨскеменде есірткі қабылдап көлік тізгіндеген зейнеткер ұсталды
Өскеменде есірткі қабылдап көлік тізгіндеген зейнеткер ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2023
Жазылу
ӨСКЕМЕН. 14 маусым – Sputnik. Өскемен қаласының полицейлері есірткі қабылдап көлік тізгініне отырған зейнеткерді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің мәліметінше, тәртіп сақшылары Гагарин бульвары көшесінде патрульдеу кезінде "Porsche Cayenne" маркалы көлікті байқаған. Жүргізуші жолдағы жолақтан қарсы бағытқа қайта-қайта шығып, жылдамдықты біресе арттырып, біресе төмендеткен.
"Полицейлер жол жүрісі қағидаларын бұзған көлік жүргізушісін тоқтатты. Сөйлесу кезінде полиция қызметкерлері одан айқын мас күйдегі адамның белгілерін байқаған. Медициналық куәландыру 66 жастағы азаматтың каннабиноидтарды қолданып, есірткілік масаң күйде болғанын көрсетті", - делінген хабарламада.
Зейнеткерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2023
Қоғам
Астана тұрғындары пошта арқылы Америкадан есірткі алдыртқан
Жаңалықтар
0