"Балқаш жылу" басшылары ақша жымқырды: Kazakhmys Energy ақпаратты жоққа шығарды

© Photo : Пресс-служба министерства энергетики КазахстанаПредставители территориального департамента Комитета энергонадзора посетили ТЭЦ-2 АО "Арселор Миттал Темиртау"
Представители территориального департамента Комитета энергонадзора посетили ТЭЦ-2 АО Арселор Миттал Темиртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. "Kazakhmys Energy" ЖШС Балқаш жылу электр орталығын жөндеуге арналған 677 миллион теңгеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігі "Балқаш жылу" ЖШС лауазымды тұлғалары жалпы сомасы 677 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғанын хабарлады.
Тергеу материалдарына сәйкес, бұрынғы басшылық ақшаны үш жыл бойы ұрлаған. Жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және ұстауға арналған бюджет қаражасы жеке шоттар мен жалған кәсіпорындар арқылы шығарылды.
"Kazakhmys Energy" ЖШС бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Компания таратқан мәліметке сәйкес, "Балқашжылу" ЖШС мен Балқаш ЖЭО арасында жылу энергиясын сатып алу келісімшарты бар. Бүгінде, "Балқашжылудың" Балқаш ЖЭО алдындағы берешегі 1.8 млрд теңгені құрайды. "Балқаш ЖЭО-ның бүкіл жөндеу науқаны тарифтік сметаға енгізілген қаражат есебінен, сондай-ақ акционер – "Қазақмыс Холдинг" ЖШС қаражаты есебінен қаржыландырылады. Осылайша, қолды болды делінген 677 миллион теңгенің БЖЭО жөндеу бағдарламасына еш қатысы жоқ, жарияланған фактілер шындыққа жанаспайды", - делінген ресми хабарламада.
Компания уәкілетті органдарды тексерілмеген ақпаратты жарияламауды сұрады.
Озеро Балхаш в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2023
"Қазақмыс" зауытының тозығы жеткен жабдықтары Балқаш экологиясын ластап жатыр
Жаңалықтар
0