Маңғыстау облысында колледж мұғалімдері жалған дипломмен сабақ берген

© Sputnik / Болат ШайхиновДиплом. Иллюстративті фото
Диплом. Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысының прокуратурасы өңірдегі колледждерде жалған дипломмен жұмыс істеген педагогтарды анықтады.
"Талдау барысында жалған құжатты пайдаланудың 8 дерегі анықталды, яғни Ақтау колледждерінде – 5 оқытушы, Қарақия ауданында – 3 оқытушы жұмыс істеген", - деп жазылған прокуратура таратқан хабарламада.
Прокурорлар барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, материалдарды одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін полиция органдарына жолдаған.
Мысалы, құқық бұзушылардың бірі 2 жыл бойы Қарақия кәсіптік колледжінде жалған дипломмен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқытушының жұмысын атқарған.
Қарақия ауданының соты оны ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша 30 сағат қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындаумен қылмыстық жауаптылыққа тартты.
Осы тектес құқық бұзушылық үшін сол колледждің басқа екі оқытушысына қатысты үкім шығарырылып, олар жұмыстан босатылды.
Төрт эпизод бойынша полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген қылмыстық істері рақымшылық актісі бойынша тоқтатылды.
Бір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Айта кетері, 2022 жылы прокуратура ұқсас фактілер бойынша 14 қылмыстық іс тіркеген және осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда.
Жаңалықтар
0