Алматылық зейнеткерлер немересі көліктен түсіп қалғанын байқамай қалған

© Photo : Ақтөбе облысының полиция департаментіАйдың-күннің аманында немересінен айырылып қалған зейнеткерлер полициядан көмек сұрады
Айдың-күннің аманында немересінен айырылып қалған зейнеткерлер полициядан көмек сұрады - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 21 маусым – Sputnik. Алматылық зейнеткерлер Ақтөбе облысында кемпингте немересін байқаусызда қалдырып кеткен, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айдың-күннің аманында немересінен айырылып қалған зейнеткерлер полициядан көмек сұраған.
"64 жастағы алматылық зейнеткер әйелі және немересімен бірге Сочиден Алматыға келе жатады. Жолда зейнеткерлер компингке тоқтап, көліктен 15 минутқа шығып кетеді. Осы кезде көліктің артқы орындығында ұйықтап жатқан немересі көліктен түскен. Мұны байқамай, зейнеткерлер көлігіне отырып кетіп қалған", - дейді ведомство.
Тек қарттар немересінің жоқтығын Қызылорда облысының шекарасына жеткенде бір-ақ білген. Ырғыз аудандық полициясы қызды тауып, ата-әжесіне аман-есен тапсырған. 15 жастағы жасөспірім жолай өткен жүк көлігін тоқтатып, ата-әжесін қуып жетуге әрекет жасағаны анықталды, дейді полиция.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2023
Елорда тынысы
Астана тұрғыны 7 млн теңгесін пойызда ұмытып кетті
Жаңалықтар
0