Мектеп бітіру кештерін бақылауға 7 мыңнан астам полиция жұмылдырылды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуВыпускной, архивное фото
Выпускной, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Мектепті бітіруге байланысты полиция түлектерге және олардың ата-аналарына жүгінді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы аптада елімізде "мектеп бітіру кештері" өтіп жатыр. Былтыр осындай іс-шаралардың аясында түлектердің катысуымен әр түрлі құқық бұзушылықтар тіркелген.
Порталдың хабарлауынша, осындай жағдайдың алдын алу және іс-шаралар өткізілетін орындарда құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз ету үшін әрбір оқу орнына полиция қызметкерлері және басшы құрам қатарынан жауаптылар бекітілді.
"Ата-аналардан және түлектерден қоғамдық тәртіпті бұзбауды, жол жүру қағидаларын сақтауды, шомылатын орындарда қауіпсіздік шараларын қабылдауды өтінеміз. Ұстаздар, ата-аналар және кәмелетке толмағандардың басқа да заңды өкілдері іс-шара аяқталғанға дейін түлектерге тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі керек. Құрметті түлектер мен ата-аналар, бұл мереке сіздер үшін тек жағымды жағынан есте қалуы керек. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз", – деді ІІМ ӘПК басқарма басшысы Әсет Оспанов.
Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында полицияның патрульдік жасақтары кеш өткізілетін орындарға барынша жақын орналастырылып, сондай-ақ жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары іске қосылды. Жалпы аталған іс-шараларға 7 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0