Осы аптада өзге елде есепте тұрған көліктерді уақытша тіркеу басталады

© SputnikАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Алдағы сенбі, 1 шілде күні есептен шығарылмаған шетелдік көліктерді уақытша тіркеу шаралары басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Жамалиевтің айтуынша, бүгінде өзге елдің есебінде тұрған кейбір көліктердің иесі оны есептен шығара алмағандықтан тіркеуге қоя алмай жүр. Осы аптада ондай көліктерді уақытша тіркеу басталады.
"Қазіргі кезде Ресей Федерациясы немесе Еуропа одағының кез келген елінен әкелінген көлікті қандай бір себеппен есептен шығара алмай жатсаңыздар, ішкі істер министрлігі ондай көліктерді тіркеудің амалын тапты. 1 шілдеден бастап ол көліктерге өтініш қабылдау жұмысы басталады", - деді Жамалиев бүгінгі онлайн брифингте.
Уақытша тіркеудің мерзімі – 5 жыл. Бұл аралықта шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сақтауға тапсырылады. Оның орнына уақытша мемлекеттік нөмір мен уақытша тіркелгендігі туралы куәлік беріледі. Меншік иесі 5 жыл ішінде көлігін шетелдік тіркеуден шығарып, Қазақстанда заңдастырмаса, автокөлікті елден шығаруға міндеттеледі.
Автокөліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2023
Шетелдік көлігін заңдастырғысы келетіндердің саны күрт өсті – министрлік себебін айтты
Жаңалықтар
0