"Өзенмұнайгаз" бас директорының экс-орынбасары ұсталды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 маусым - Sputnik. "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары Е. Қарамырзаев қызметтік өкілеттігін пайдаланып, мердігер ұйымдар жұмысына кедергі келтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
"Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары Е. Қарамырзаевті (қазіргі таңда "Қаражанбасмұнай" АҚ бас директорының орынбасары) ұстады.
Ол "КЕЗБИ" ЖШС-нің және "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында қызметтік өкілеттігін пайдаланды деп күдіктеліп отыр.
Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған.
Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол "КЕЗБИ" ЖШС-ны ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша өзіне қолайсыз шарт жасасуға мәжбүр етті.
Өзінің заңсыз әрекеттерімен ол "КЕЗБИ" ЖШС-ның заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірді және мыңнан астам қызметкердің құқықтарын бұзды, сондай-ақ мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырды", - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы негізінде өзге ақпарат жария етілмеді.
Жаңалықтар
0