Павлодарда жоғалып кеткен жігіттің денесі көлігімен бірге өзен түбінен табылды

© Photo : Павлодар облыстық төтенше жағдайлар депаратментіПавлодарда жоғалып кеткен жігіттің денесі көлігімен бірге өзен түбінен табылды
Павлодарда жоғалып кеткен жігіттің денесі көлігімен бірге өзен түбінен табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Павлодар облысында 10 шақты күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі көлігімен бірге Ертіс өзенінің түбінен табылды, деп хабарладыы Sputnik Қазақстан.
Облыстық төтенше жағдайлар депаратментінің хабарлауынша, ол 16.06 күні түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен болатын.
Құтқарушылар үш күн бойы Р. Ю. Леонтьевті іздестірген.
"25 маусымда Ертіс өзенінде іздеу жұмыстары барысында 4 құтқарушы эхолоттың көмегімен шамамен 5 метр тереңдікте және жағадан 10-15 метр қашықтықта ер адамның автокөлігін тапты", - деп хабарлады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар депаратментінің өкілдері.
Сүңгуір суға кіріп, көліктің су астында жатқанын растады.
"Арнайы техниканың көмегімен машина жағаға көтеріліп, 102 қызметіне берілді. Салонның ішінен жоғалған Р. Ю. Леонтьевтің мәйіті табылды", - делінген ведиоство хабарламасында.
Река Катунь - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2023
Ақмола облысында жоғалып кеткен полицейдің мәйіті өзеннен табылды
Жаңалықтар
0