https://sputnik.kz/20230711/qantarda-almaty-auezhayyn-basyp-aldy-dep-ayyptalgandarga-sot-ukimi-shyqty-36720411.html
Қаңтарда Алматы әуежайын басып алды деп айыпталғандарға сот үкімі шықты
Қаңтарда Алматы әуежайын басып алды деп айыпталғандарға сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушыларға жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және оған қатысу, сондай-ақ Алматы... 11.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-11T15:11+0500
2023-07-11T15:11+0500
2023-07-11T15:11+0500
қаңтар оқиғасы
сот
https://sputnik.kz/img/111/30/1113058_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_c9c1b99d3f0e86e4fb09dd4c14185f75.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әуежай ғимаратын басып алды деп айыпталған бес адам ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.2022 жылғы қаңтар трагедиясы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және Алматы халықаралық әуежайының ғимаратына шабуыл жасады деп айыпталғандар 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.Сот үкімі бес адамға шықты.Азаматтық белсенді Әйгерім Тілеужанова ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының бірінші бөлігі "Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру" бойынша сотталды.Азаматтық белсенді Калас Нұрпейісов ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру", 200-бабы "Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену", 269-бабы, 3-бөлігі "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бойынша сотталды.Нұрлан Далибаев ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу" және 269-бабы "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бойынша сотқа тартылды.Ермұхамет Шилибаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу", 269-бабының 3-бөлігі "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бойынша айып тағылды.Жанайдар Карменов ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу" және 269-бабы "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бойынша айыпталды.Сот отырыстарында сотталушылардың ешқайсысы өз кінәсін мойындамады. Олар сондай-ақ бір-бірімен алғаш рет сотта кездескенін мәлімдеді.Үкім шыққаннан кейін сотталғандарды қолдау тобы оларды босатуды талап етіп, жанжал шығарды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/111/30/1113058_142:0:2873:2048_1920x0_80_0_0_a16870dedb10a41bd313cac21052f0f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
сот
Қаңтарда Алматы әуежайын басып алды деп айыпталғандарға сот үкімі шықты
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушыларға жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және оған қатысу, сондай-ақ Алматы халықаралық әуежайының ғимаратына шабуыл жасау бойынша сот процесі жүріп жатыр
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әуежай ғимаратын басып алды деп айыпталған бес адам ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.
2022 жылғы қаңтар трагедиясы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және Алматы халықаралық әуежайының ғимаратына шабуыл жасады деп айыпталғандар 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі бес адамға шықты.
Әйгерім Тілеужанова - 4 жыл;
Қалас Нұрпейісов - 8 жыл;
Ермұхамет Шилібаев - 8 жыл;
Жанайдар Карменов - 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Азаматтық белсенді Әйгерім Тілеужанова ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының бірінші бөлігі "Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру" бойынша сотталды.
Азаматтық белсенді Калас Нұрпейісов ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру", 200-бабы "Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену", 269-бабы, 3-бөлігі "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бойынша сотталды.
Нұрлан Далибаев ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу" және 269-бабы "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бойынша сотқа тартылды.
Ермұхамет Шилибаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу", 269-бабының 3-бөлігі "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бойынша айып тағылды.
Жанайдар Карменов ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу" және 269-бабы "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бойынша айыпталды.
Сот отырыстарында сотталушылардың ешқайсысы өз кінәсін мойындамады. Олар сондай-ақ бір-бірімен алғаш рет сотта кездескенін мәлімдеді.
Үкім шыққаннан кейін сотталғандарды қолдау тобы оларды босатуды талап етіп, жанжал шығарды.