Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы өрт оқшауланды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаПавлодар облысындағы өрт
Павлодар облысындағы өрт  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2023
Жазылу
ПАВЛОДАР, 16 шілде – Sputnik. Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы "Ертіс орманы" табиғи резерватында болған өрт оқшауланды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
"16 шілде күні сағат 14.00-де Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы "Ертіс орманы" табиғи резерватында болған өрт оқшауланды. Оны толығымен жою жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Табиғи өрттің болжамды ауданы шамамен 850 гектарды құрады.
Сондай-ақ өртті сөндіруге 350-ден астам адам, 102 мамандандырылған техника, оның ішінде су төгетін 4 Ми-8 ұшағы мен ТЖМ Eurocopter тікұшағы жұмылдырылғаны айтылды.
Sputnik Қазақстан хабарлағандай, орман өрті кеше Шарбақты ауданындағы "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағындағы Степное орман шаруашылығынан басталып, Бауыртау орман шаруашылығын шарпыды. Ыстық, құрғақ ауа райы мен қатты жел жағдайды қиындатты.
Пожар в Павлодарской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2023
Павлодар облысындағы өртті сөндіруге бес тікұшақ тартылды
Жаңалықтар
0