https://sputnik.kz/20230717/zhumysynan-ayyrylgan-110-mynnan-astam-adam-aleumettik-tolem-aldy---ministrlik-36837587.html
Жұмысынан айырылған 110 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды - министрлік
Жұмысынан айырылған 110 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды - министрлік
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 110,6 мың адам жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік... 17.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-17T10:09+0500
2023-07-17T10:09+0500
2023-08-09T09:45+0500
қоғам
әлеуметтік төлем
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
https://sputnik.kz/img/1165/19/11651974_0:0:1198:674_1920x0_80_0_0_43e9a93ec7276ee0ff0e718b217f90ad.jpg
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 110,6 мың адам жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алған, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.Министрліктің мәліметінше, биыл 97,4 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмысшылар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмысшыға:Бұл қызметті онлайн режимінде электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.Еск сала кетейік, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.
https://sputnik.kz/20230516/zhumysynan-ayyrylgan-754-mynga-zhuyq-adam-aleumettik-tolem-aldy-34946524.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/19/11651974_0:0:1068:800_1920x0_80_0_0_f573ca7824b393f4e0f57a3845121849.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
әлеуметтік төлем, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
әлеуметтік төлем, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Жұмысынан айырылған 110 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды - министрлік
10:09 17.07.2023 (жаңартылды: 09:45 09.08.2023) АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 110,6 мың адам жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алған, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, биыл 97,4 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмысшылар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмысшыға:
eGov.kz порталында авторизациядан өту;
"Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге мансап орталығы қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады).
Бұл қызметті онлайн режимінде электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
Еск сала кетейік, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.