Өңірлер

Үржар әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылды

© Photo : Абай облысының әкімдігі Үржар әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылды
Үржар әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылды
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Абай облысында Үржар ауылының әуежайын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Үржар әуежайының ұшу-қону жолағына пайдалануға берілген кезден бастап, яғни 2008 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Осыған байланысты 2020 жылы әуежайдың ұшу-қону жолағын және аэровокзал ғимаратын қайта құру жобасы жасалды.
"Облыс орталығының әуе айлағы үшін ұшу-қону жолағын, такси жолын, перронды қайта жаңарту, жарық белгі беру жабдығын орнату, периметрлік қоршау және тағы басқа жұмыстар атқарылды", - делінген хабарламада.
Бүгінде жасанды ұшу-қону жолағының ұзындығы – 2100 метр. Қайта құрудан кейін Fokker 50, Bombardier CRJ-200, Bombardier Q400, Embraer EMB 120ER сияқты әуе кемелеріне қызмет көрсету мүмкіндігі пайда болды.
"Осылайша, модернизациядан кейін Үржар ауылының әуежайында шағын авиациялық ұшақтарды ғана емес, сонымен қатар Embraer, Bombardier және тағы басқа санаттағы ұшақтарды қабылдауға жағдай жасалды", - дейді әкімдіктегілер.
Айта кетері, туристік маусым кезінде "Оңтүстік аспан" әуе компаниясы Алматы және Семей қалаларына, ал Qazaq Air Астана қаласына әуе рейстерін ашты. Билеттердің бағасы субсидиялау есебінен төмендетілген.
QAZAQ AIR ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Қоғам
Qazaq Air Астанадан Алакөлге әуе рейстерін ашады
Жаңалықтар
0