Солтүстік Қазақстанда хайуанаттар бағына жұмыс істеуге келген ер адам қолынан айырылды

© PhotoМедведь напал на сотрудника зоны отдыха на севере Казахстана
Медведь напал на сотрудника зоны отдыха на севере Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында ер адамды аю тістеп алды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға "Абакшино" демалыс аумағындағы хайуанаттар бағында болған.
"43 жастағы ер адам хайуанаттар паркіне жұмысшы ретінде орналасқан. Ол аумақты жинау және жануарларды азықтандыру үшін қызмет көрсету шарты бойынша сынақ мерзімінде жүрген. Сол кезде оған қоңыр аю шабуыл жасаған", - дейді ведомство.
Ер адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
"Дәрігерлерота жасап, қатты жараланған бір қолын кескен. Қазіргі күні екінші қолын аман алып қалу үшін күресіп жатыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 156-бабы 2-бөлігі "Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0