Шымкенттіктер футбол алаңында түнеп жүр – видео

© AFP 2024 / Marco BERTORELLOЖаркая погода
Жаркая погода - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында аптап ыстыққа шыдай алмаған тұрғындар ауладағы футбол алаңына төсек салып, түнеп шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған видеода үш қыз футбол алаңының қақ ортасына төсек салып қойған. Үшеуі де ұйықтап жатқан сияқты. Видео Нұрсат шағын ауданында түсірілді.
Желі қолданушылары бұл бастаманы қолдап жатыр. Себебі Шымкентте түнгі уақытта да қатты ыстық болып тұр. Ал көпқабатты үйлерде, әсіресе, кондицинер болмаса, түнде ұйықтау мүмкін емес.
"Жақсы идея екен, мен де далада қонып шығатын шығармын. Жақында таңғы 6-да жүгіруге шыққанда мен де далада ұйықтап жатқан көршілерді көрдім", - дейді адамдар.
Шымкентте аптап ыстық әлі де сақталады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, осы аптаның соңына дейін жаңбыр болмайды.
"Жаңбыр таулы аймақтарда ғана болуы мүмкін. Шығыстан жел соғады. Ал ауа температурасы күндіз -40-42 градус, түнде +22-24 болады", - дейді инженер-синоптик Мейірбек Қахарбеков.
Диетологтар аптап ыстықта қуырылған және тәтті тағамдарды азайтуға кеңес беріп отыр. Жеңіл тамақ жеген дұрыс. Соның ішінде көкөніс, жеміс-жидек, пісірілген балық, тауық пен салқын көже көбірек жеу керек. Арақ пен газдалған сусындар мүлдем ішпеген жөн.
Жаңалықтар
0