73 жастағы Сәрсенбай Қотырашов жер шарын айналып келуге бел буды – видео

© Public Domain FabdeAmbresКарта мира
Карта мира - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанды жаяу аралап шыққан Сәрсенбай Қотырашев жер-жаһанды айналып келуге шешім қабылдады.
Хабар арнасының мәліметінше, 17 000 шақырымды құрайтын сапар екі жылға жоспарланып отыр. Сәрсенбай Қотырашевтің айтуынаш, дүниежүзін жаяу аралаудың ең басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және әлем жұртын бейбітшілікке шақыру.
"2 тамыз Атыраудан жаяу шығамын. Атырау-Астрахань-Дагестан-Чечня-Грузия-Турция. Турцияның Анкара қаласында және Ыстамбул қаласында боламын. Бұл — жер шарын аралаудың бірінші бөлімі. Екінші бөлімін Алла қуат берсе келесі жылы бастаймын", - дейді 73 жастағы қария.
Айта кетері, былтыр ұлытаулық марафоншы Қазақстанды жаяу аралап шыққан. Ол 8 мың шақырым жүріп өтті.
Жаңалықтар
0