https://sputnik.kz/20230728/almatyda-ush-patsient-vich-zhuqtyrdy-bas-dariger-zhumystan-shettetildi-37085689.html
Алматыда үш пациент ВИЧ жұқтырды: бас дәрігер жұмыстан шеттетілді
Алматыда үш пациент ВИЧ жұқтырды: бас дәрігер жұмыстан шеттетілді
Sputnik Қазақстан
Эпидемиологиялық тергеу қорытындысы бойынша ауруханада үш науқастың ВИЧ жұқтыруы адами фактормен байланысты 28.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-28T15:00+0500
2023-07-28T15:00+0500
2023-08-09T12:48+0500
денсаулық
алматы
спид
https://sputnik.kz/img/07e7/06/16/36254444_0:278:2984:1957_1920x0_80_0_0_abf8864200a9d952f559b15ac925c800.jpg
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Алматыда орталық қалалық клиникалық ауруханада үш пациенттің ВИЧ-инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологиялық тергеу аяқталды, деп хабарлайды Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.Эпидемиологиялық тергеу барысында 745 адам тексерілді. Олардың арасында 118 қан доноры, 231 медицина қызметкері, ауруханаға жүгінген немесе стационарлық ем қабылдаған 396 пациент бар. Барлығының нәтижесі теріс шықты.Қазіргі таңда ВИЧ-инфекция жұқтырған үш пациент СПИД орталыққа диспансерлік есепке қойылды. Сондай-ақ жеке емдеу схемасы бойынша антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілді, оларға жергілікті бюджет есебінен барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.Осы оқиғаға байланысты комиссия қорытындысы негізінде қалалық аурухананың бас дәрігері Н.Б.Табынбаев жұмыстан шеттетілді.Ал бас дәрігердің эпидемиология бойынша орынбасары, реанимация меңгерушісі, стационардың бас медбикесі және реанимация бөлімшесінің аға медбикесі теріс себептермен жұмыстан шығарылды.Комиссия жұмысының қорытындысы бар анықтама материалдары іс жүргізу шешімін қабылдау және әрбір жауапты тұлғаның жауапкершілік шарасын одан әрі айқындау үшін қалалық полиция департаментіне жіберілді.Департаменттің ақпаратынша, бүгінде Алматының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында диспансерлік есепте АИТВ диагнозымен 4 429 адам тұр. 2022 жылы қалада ВИЧ жұқтырған 499 тұрғын анықталды.
https://sputnik.kz/20230621/dosaev-almatydagy-aurukhanada-vich-zhuqtyru-oqigasy-turaly-aytty-36202330.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/16/36254444_83:0:2814:2048_1920x0_80_0_0_9e2dc0c9a7c45b40b8dc3bdac9c7c05e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
алматы, спид
Алматыда үш пациент ВИЧ жұқтырды: бас дәрігер жұмыстан шеттетілді
15:00 28.07.2023 (жаңартылды: 12:48 09.08.2023) Эпидемиологиялық тергеу қорытындысы бойынша ауруханада үш науқастың ВИЧ жұқтыруы адами фактормен байланысты
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Алматыда орталық қалалық клиникалық ауруханада үш пациенттің ВИЧ-инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологиялық тергеу аяқталды, деп хабарлайды Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Эпидемиологиялық тергеу барысында 745 адам тексерілді. Олардың арасында 118 қан доноры, 231 медицина қызметкері, ауруханаға жүгінген немесе стационарлық ем қабылдаған 396 пациент бар. Барлығының нәтижесі теріс шықты.
"Комиссия мүшелері клиникалық ауруханада үш пациенттің ВИЧ жұқтыруы адами фактормен, атап айтқанда, орта медперсоналдың жекелеген қызметкерлерінің инвазивті манипуляциялар жүргізу кезінде операциялық процедура стандарттарын бұзуымен және олардың қызметіне бақылау болмауымен байланысты деген қорытындыға келді. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті жүйелі бұзу фактілері анықталған жоқ", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ВИЧ-инфекция жұқтырған үш пациент СПИД орталыққа диспансерлік есепке қойылды. Сондай-ақ жеке емдеу схемасы бойынша антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілді, оларға жергілікті бюджет есебінен барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Осы оқиғаға байланысты комиссия қорытындысы негізінде қалалық аурухананың бас дәрігері Н.Б.Табынбаев жұмыстан шеттетілді.
Ал бас дәрігердің эпидемиология бойынша орынбасары, реанимация меңгерушісі, стационардың бас медбикесі және реанимация бөлімшесінің аға медбикесі теріс себептермен жұмыстан шығарылды.
Комиссия жұмысының қорытындысы бар анықтама материалдары іс жүргізу шешімін қабылдау және әрбір жауапты тұлғаның жауапкершілік шарасын одан әрі айқындау үшін қалалық полиция департаментіне жіберілді.
Департаменттің ақпаратынша, бүгінде Алматының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында диспансерлік есепте АИТВ диагнозымен 4 429 адам тұр. 2022 жылы қалада ВИЧ жұқтырған 499 тұрғын анықталды.