Алматыда ұшақтар кешігіп жатыр – әуе компаниясы мәлімдеме жасады

© Photo : Пресс-служба МИИР Казахстана Air Astana ұшағы
 Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Алматыдан ұшатын әуе рейстері бірнеше сағатқа кешігіп ұшып жатыр, алдағы уақытта да кешіктірілуі мүмкін, деп хабарлады Air Astana әуекомпаниясы.
"Air Astana әуекомпаниясы жолаушылар ағынының өсуіне байланысты Алматы әуежайында кептеліс жазғы маусымның соңына дейін жалғасуы ықтимал", - деп жазылған хабарламада.
Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, рейске тіркелу және ұшуға отырғызу кезінде кідірістерді болдырмау үшін жолаушылардың әуежайға алдын ала келуі абзал.
Компания рейске онлайн тіркеліп, әуежайға шықпас бұрын мына сілтеме арқылы рейстің статусын тексеріп тұруды сұрайды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Қоғам
Ақтаудан Ақтөбеге ұшатын FlyArystan ұшағы 13 сағатқа кешігіп жатыр
Жаңалықтар
0